Новости

Талдықорғанда «Amazing Zhetysu» жобасының пилоттық нұсқасы ұсынылды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Amazing Zhetysu» жобасының тұсаукесері өтті. Бейнеролик авторы танымал режиссер, фотограф Толкунов Мирхат.

Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында жасалған. Бейнеролик Жер жәннаты- Жетісу жерінің табиғаты көркем, әрі қасиетті жерлері Көлсай, Қайынды, Айғай құм, Шарын шатқалы сияқты аймақтарында түсірілген.

«Мақсатымыз қазақ мәдениеті мен әдебиетін әлемге таныта отырып, жастардың поэзияға деген қызығушылығын, ой-өрісін жандандыру» ,-деді бейнеролик авторы М.Толкунов.

Бейнебаянда болашақ ақын ұл –қыздарымыз жазушы шығармалары мен қатар өз туындыларын оқу арқылы Алматы облысының әйгілі өлкесін тіл бітіргендей суреттеді. Оразалы Айзада, Омарова Толқын, Әділет Жанғабылұлы, Әдемі Айбарқызы сияқты кейіпкерлер белгілі режиссерлердің ұсынысы арқылы іріктеліп алынған. Ролик ұзақтығы бір жарым минутты құрайды.

Айта кететіні, автор бүгінгі күнге дейін 10-ға жуық бейнеролик жасаған. Әлі де Жетісу жерінің байтақ жерін суреттейтін роликтер түсіру жоспарында.