Новости

Previous Next

Талдықорғандағы жұқпалы аурулар ауруханасында 79 бала емделуде

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

 

Балалар арансындағы вирустық аурулар өршіп тұр. Бүгінде бүлдіршіндердің 70 %-ы жіті респираторлы вирустық жұқпасы, жіті вирусты диарея, жіті ларингит диагнозымен, сонымен қатар-жел шешек, жәншәу сынды жұқпалы ауруларға жиі шалдығады. Талдықорғандағы жұқпалы аурулар ауруханасында 79 бала, 30 ересек науқас, 5 жүкті әйел ем қабылдауда. Бұл туралы «Jetisy Media»  алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Жер жаһанжы жаулаған коронавирус кең тараған шақта Талдықорған қаласында 09 қараша 2020жылдан бастап Алматы облысы әкімдігінің рұқсатымен, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа ғимарат  іске қосылған еді. 200 төсек орынның 20-сы жансақтау бөліміне арнайы жабдықталған. Аталмыш медициналық мпекеме 2022 жылдың мамыр айынан бастап, аурухана толық қанды, жалпы жұқпалы ауруларды емдеу ісімен айналысуда.   

«Қазіргі таңда ауруханадағы науқастар жіті ішек жұқпасы,  жіті респираторлы вирусты жұқпалар,тілме, баспа және бруцеллез сынды диагноздар бойынша ем алуда. 2022 жылдың  басынан бері  ауруханадан 873 бала, 115 жүкті әйел құлан-таза айығып шықты»,-дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Күлайша Өнерқызы.

 

Айта кетейік, 2021-2022 жылдары  тұмау бойынша ағымдық маусымның 40-12 апта аралығында  719 науқас жатқызылды, оның ішінде АЖРИ мен есепке алынған 345 сырқат ем қабылдаған, өткен жылдың эпидкезеңімен салыстырғанда АЖРИ сырқаттанушылығы 2,1 есе жоғарылады .