Новости

Previous Next

Қонаевта «Үкілі домбыра» республикалық сайысының жеңімпаздары  анықталды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Бүгін Қонаев қаласында еліміздің ең үздік күйшілері жиналды. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Рухани жаңғыру орталығы»  КММ ұйымдастырған «Үкілі домбыра» республикалық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 14 виртуозды домбырашы қатысты. 

Жалпы, байқау жас домбырашылардың шеберлігін жетілдіру, жастарға патриоттық және рухани тәрбие беру және ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында өтті. Жарыс екі кезеңнен тұрды. I, II кезеңде қатысушылар түрлі шығармаларды орындап, шығармалардың   тарихын айтып берді. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет»  орденінің кавалері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбай, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Композиторлар және күйшілер одағының мүшесі  Төлепберген Тоғжанов, ҚР Мәдениет қайраткері , күйші Мұрат Әбуғазы және ҚР Мәдениет қайраткері Талғат Оразаев сынды қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін  бағалады. 14 үміткерден тек 3-і финалға өтті. 

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені  Жамбыл облысынан келген Мейірбек Әзімбаев алды. Бірінші орынды Тимур Үмбетжан, екінші орынды тұрғыны Мұхит Мүкен иеленді. Ал, үшінші орынды Лунара Мауетбек қанжығасына байлап қайтты. Жеңімпаздарға 100 мың, 200 мың, 300 мың және 400 мың теңге көлемінде сертификаттар табысталды.