Новости

Қазақстан Республикасында блокчейн технологиясының келешегі

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінде «Қазақстан блокчейн және криптовалюта ассоциациясы» кеңесінің төрағасы Есет Бутиннің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасында блокчейн технологиясының келешегі туралы айтылды.

2017 жылы 17 қарашада «Қазақстан блокчейн және криптовалюта ассоциациясы» (әрі қарай – ҚБКА) Заңды тұлғалар бірлестігі құрылды. Ассоциация Қазақстан экономикасына блокчейн технологиясын шетелдік озық тәжірибелерді қолдана отырып енгізу үшін құрылған болатын. ҚБКА мақсаты - ҚР-нда блокчейн технологиясын ілгері жылжыту және біріктіру. Ассоциация криптовалюта нарығын және ICO-ді легитимдеу бағытында қазақстандық реттеушілермен жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, блокчейн технологиясы заңнамалық бастамаларды әзірлеумен қатар ірі жобаларды іске асыру барысында ассоциация мүшелерінің күш-жігерін жұмылдыру бойынша жұмыс жүргізетін болады.

ҚБКА құрамына медицина, қаржы, инжиниринг салаларында блокчейн жобаларды енгізбекші болып отырған Медэлемнт, СанскрИТ, Асыл Тобе, Техсол Инжиниринг және басқа да қазақстандық жетекші компаниялар кірді. Қазіргі таңда ассоциацияға қатысуға ниет білдірген тұлғалардан ай сайын отыздан астам өтініш түсіп отырады.

Осы қысқа мерзім ішінде ҚБКА АХҚО-мен ынтымақтастық туралы келісімге келіп, өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, (Оңтүстік Корея) Сеулде өткен халықаралық блокчейн-конференция аясында ҚБКА Блокчейн индустриясын ілгері жылжыту жөніндегі Корея ассоциациясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Осы меморандумдар аясында тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық құруды қажет деп тапты:

• Қаржылық технологиялар;

• Жасыл қаржы;

• Активтерді басқару;

• Инвестициялық краудинвестинг ортасын дамыту;

• ICO және краудфандинг;

• Блокчейн технологиясы.

ҚБКА аясында блокчейн-технология, криптовалюталық рыноктар, ICO, майнинг және оқыту бастамалары бойынша бес Комитет жұмыс істейтін болады. Ассоциация кеңесінің төрағасы болып Есет Имантайұлы Бутин сайланды, атқарушы директор ретінде Дастан Байұзақұлы Қожабеков тағайындалды.

 

Барлық ақпаратты g-global.org желісінен жүктей аласыздар