Новости

Ақылды қалаға айналдырар қадам: Astana Innovations Challenge 2018 іске қосылады

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Орталық Коммуникациялар қызметінде Астана қаласы әкімдігінің 24-25 ақпанда «Ашық мәліметтер» тақырыбында стартап-жобалар байқауын өткізуіне байланысты баспасөз конференциясы өтті.

Алдағы өтетін хакатон Astana Innovations Challenge 2018 топтамасындағы алдын ала жоспарланбаған іс-шара болып отыр. Сондықтан шара ұйымдастырушылары конкурс жеңімпаздарына бірқатар қызықты шешімдер мен тосынсыйлар әзірлеуде.

Бұл хакатонның ерекшелігі – мемлекеттік шенеуніктер, қоғам қайраткерлері, журналистер, инвесторлар мен сарапшылар «Шынайы диалог және түйткілдерді жекелей шешуге» қатысу мақсатында кездеседі. Атап айтқанда, талқылау әзірлеушілер үшін қызықты болмақ, олар жетекші сарапшылар мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан бүгінде қандай әзірлемелер сұранысқа ие екенін және оларды іске асыруда қалай инвестиция тарту керектігін біле алады.

Хакатонның қорытындысы бойынша 3 үздік стартап-жоба іріктеліп, Microsoft Kazakhstan мен Here Technologies компаниялары  ұсынған 1 000 000 теңге мөлшеріндегі жүлде қорын өзара бөліседі.

Сонымен қатар, ең дарынды әзірлеушілер Мәскеу қаласына «Сколково» қорындағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға бара алады.

Бүкіл хакатон бойы әзірлеушілердің жетістіктерін мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер өкілдері, әлеуетті инвесторлар, халықаралық компаниялар мен қорлар қызметкерлері қадағалайтын болады.

Қатысушылар 24-25 ақпан хакатонда шешуі тиіс мәселелер:

Астана қаласындағы қоғамдық көлікті және көлік жүйесін қадағалау бойынша сервистер жасау;

−       автобустардағы жолаушылар легін ескере отырып, көлік лектерін жоспарлау;

−       халықтың қала іс-шаралары бойынша хабардарлығын арттыру;

−       қаланың экологиялық ахуалын үлгілеу және халықты ақпараттандыру және басқалары.

Мұның барлығы хакатон аясында таныстырылатын ресурстың арқасында мүмкін болады және цифрлық болашақты, «Ашық мәліметтер» порталын жасауда кезекті қадам болады.

Байқаудың ұйымдастырушылары – «Астана Innovations» АҚ және жекеменшік MOST бизнес-инкубаторы.

Бас әріптес «Қазақтелеком» АҚ.

Алаң Astana Hub тарапынан ұсынылды. Жобаға Елорданы тұрақты дамыту орталығы, «Астана LRT» ЖШС, «Қазгидромет» РМК қолдау білдірді.

Іс-шараға http://astanaic.kz/ ресми сайтында тіркеліп, міндеттермен танысуға болады.