Новости

«Патриотизм – рухани жаңғырудың берік іргетасы» II республикалық жас патриоттар форумы

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Рухани жаңғыру»

бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2018 жылдың 21-23 ақпан аралығында «Патриотизм – рухани жаңғырудың берік іргетасы» тақырыбында II Республикалық жас патриоттар Форумын өткізуіне байланысты баспасөз маслихаты өтті.

Форумға ҚР БҒМ өкілдері, Академия мүшелері – қазақстандық жас патриоттар, бейбіт күннің батырлары атанған мектеп оқушылары, патриоттық тәрбие бойынша «Мен – өз елімнің азаматымын!» атты Республикалық байқаудың жеңімпаздары, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, делегация жетекшілері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақтардағы менеджерлері қатысады. Ашылу салтанатынан соң 17.00-де «Патриоттық тәрбие: Рухани жаңару аясында. Қазақстандық жас патриоттар Академиясының келешектегі жұмыс жоспары» тақырыбындағы баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.

Соңғы екі жыл ішінде «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында мектеп оқушыларына тиімді патриоттық тәрбие беруде қазақстандық жас патриоттар Академиясының жұмысын ұйымдастыруда мақсатты бағытталған жұмыстар атқарылуда. Осы уақыт аралығында 1500 оқушы Академияның мүшелігіне қабылданды.

Республикалық патриоттар Форумы бағдарламасында:

– «Патриотизм – рухани жаңғырудың берік іргетасы» атты форумның салтанатты ашылуы.

– Пленарлық отырыс

– «Мағыналар алаңы» ұрпақтар жалғастығының ашық сұхбаты. Патриоттық тәрбие бойынша «Инновациялық ойлар банкін» құру.

– «Бақытты болып жүргенім – сенің арқаң, Ұлы Отан!» атты топтық жұмыс түрлері.

– «Қазақстан халқының ұлттық ойындары» спорттық тренажер.

– «Біздің күшіміз – бірлікте!» музыкалық би бағдарламасы.

– «Біз – патриоттар ұрпағымыз!» атты жас патриоттардың аймақтық жұмыс тәжірибелерінің презентациясы.

– Бейбіт күннің батыр балаларын, белсенді балдәурендіктерді Қазақстандық жас патриоттар Академиясына салтанатты түрде қабылдау; «Мен – өз елімнің азаматымын!» атты Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау.

– «Туған жер» бағдарламасы бойынша Алматы облысы өкілдерінің жұмыс тәжірибесінің презентациясы (Жаркент қ., Еңбекшіқазақ ауданы).

– Форум қатысушыларына Қазақстан эстрада жұлдыздарының музыкалық сәлемі.

– «Қазақ елі осындай!» Форум қатысушыларының спорттық флешмобы.

– «Шүкірлік етемін қашан да, Қазақстанымда тұрғанға!» отряд визиткаларын таныстыру кеші. Академияның шығармашылық сахнасы.

– «10 мейірімді іс» Акциясы.

– «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» бекет ойыны.

– «Мен, сен және ол – бәріміз бір жанұямыз!» патриоттық әндерден попурри.

– «Объективте – өмір» әлеуметтік бейнероликтер байқауы.

– «Балдәурендік салют» мерекелік бағдарламасы.

Іс-шара 2018 жылғы 21-23 ақпан күндері "Балдәурен" РОСО өтеді.

 

021700, Ақмола облысы

Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батысы

«Балдәурен» РОСО РМҚК

телефон/факс 8 (71636) 79 134 (қабылдау бөл.),

8 (71636) 7-92-12 (бухгалтерия).

Е – mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.сайт: www.baldauren.kzБас әріптес – «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Ақпараттық жүйелер дирекциясы.

Алаң Astana Hub тарапынан ұсынылды. Жобаға Елорданы тұрақты дамыту орталығы, «Астана LRT» ЖШС, «Қазгидромет» РМК қолдау білдірді.

Іс-шараға http://astanaic.kz/ ресми сайтында тіркеліп, міндеттермен танысуға болады.