Новости

Талдықорғанда Наурыз мерекесіне орай түрлі жарыстар өткізіледі

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдығын атап өту шарасына орай

Наурыз меркесі күні Талдықорған қаласы «Жастар» спорт сарайының алдына қазақ үй тігіліп, түрлі дәстүрлі жарыстар өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Өлке тынысы» ЖШС директоры Жанадилов Мейрам баяндады.

Сонымен қатар, мейрамға орай киіз үйдің жанында көрме ұйымдастырылады. Тігілген көрмеде қос газеттің бүгінгі күнге дейінгі өткен өмірінен сыр шертетін тарихи құнды газеттер мен жеңіп алған жүлделері қойылады. Сонымен қатар шағын алаңқайда 100 жылдыққа арналған ұлттық спорттан ойындар өткізіледі. Онда жас балуандарымыз қазақ күресімен белдессе, білекті жігіттер қол күресуге қатысады. Қазақтың ұлттық ойыны асық атудан да жарыс өтіп, мергендер өз бақтарын сынайды. Арқан тартыста да мықтылар күш сынасып, кім мықтыны анықтайды. Сондай-ақ, дойбы, тоғыз құмалақ ойындыры өтеді.

Айта кету керек, гір көтеру спортымен қатар бұла күштің иелері бұқа тартысқа шығады. Жеңіске жеткен спортшылар арнайы сыйлықтармен марапатталады.