Новости

Алматы облысының «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің жаңа логотипі дайын

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Талдықорғанда облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық мерейтойына арналған логотипті әзірлеу бойынша байқау жарияланған болатын.

Оған 9 қатысушы қатысып, 25 түрлі нұсқа ұсынған. Соның ішінде бірінші орынды Эм Ольга иеленді, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, дизайнерлік тәжірибесі мол және де компьютерлік графиканы жақсы меңгерген азамат немесе азаматша болуы тиіс. Аталмыш байқауға жұмыстар 1-28 ақпан аралығында қабылданды.

Логотиптің техникалық параметрлері: 600 dpi кем болмауы тиіс, кириллица, латын қаріптерін және араб сандарын пайдалануларына рұқсат және кез келген түстерді қолдануға болады. Ал шектеулерге келер болсақ, түсініксіз нысандармен артық бейнелердің болмауы, техникалық талаптарды ескере отырып дайындалған және ешқандай түзетуді қажет етпеуі шарт.

Өткізілген жұмыстарды әділқазы мүшелері тексеріп, шешімін шығарды. Оның құрамында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, «Өлке тынысы» ЖШС директоры Жанаділов Мейрам, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Идигов Атсалим және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.

Айта кету керек, үздік танылған логотип «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдығына байланысты шығарылған имидждік өнімдерінде қолданылатын болды.