Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның маңызды салаларының бірін дамыту үшін маңыздылығы мен шараның бағдарламасы туралы Астана қаласындағы ДТК 2018 ұйымдастыру комитетінің басшылығымен өткен баспасөз конференциясы өтті.
2018 жылы 19-21 маусымда Астана қаласында 25-мерейтойлық Дүние жүзілік тау-кен конгресі өтеді.
Шара спикерлері: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас БАТАНОВ, Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутаты Альберт РАУ, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары Қанат БАИТОВ, ТКТМКА атқарушы директоры Николай РАДОСТОВЕЦ, Минералды шикізатты кешенді өңдеу бойынша Ұлттық орталықтың бас директоры Әбдірәсіл ЖӘРМЕНОВ және Iteca компаниясының директоры Юрий БОРОДИХИН.
Дүние жүзілік тау-кен конгрессі – әрбір 2-3 жыл сайын өткізілетін ТМК ауқымды салалық кәсіпорны. ДТК құрамына 49 мемлекеттен әлемдік сарапшылар мен ғалымдар енеді. Бірінші Конгресс 1958 жылы қыркүйекте Варшавада (Польша) өткен
2018 жылы Дүние жүзілік тау-кен конгрессі Астана қаласында «ЭКСПО 2017» аумағындағы Конгресс орталығында өтеді.
25-мерейтойлық Дүние жүзілік тау-кен конгрессінің бағдарламасында бірқатар мамандандырылған сессиялар өткізіледі, олар ТМК келесі тақырыптар шеңберін: геологиялық барлаудан бастап байытуға дейін, тәуекелді бағалаудан бастап халықаралық қаржыландыруға дейін қамтиды. Конференциямен қатар тау-кен өндіруші өнеркәсібіне арналған құрылғылар мен технологиялардың көрмесі, сонымен қатар, қатысушыларды Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарымен және ғылыми мекемелерімен таныстыру мақсатында бірқатар экскурсиялар ұйымдастырылады.
Альберт Рау айтқандай: «Аталған әлемдік маңызы бар ауқымды шара тек Қазақстанда ғана емес, ТМД аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Біздің елімізді мерейтойлық Конгрессті өткізу үшін таңдау кездейсоқ емес, себебі Қазақстанның ресурстары бай минералды-шикізаттық база түрінде болады, мұнда: периодтық кестедегі 99 элемент; 5000 қолданыстағы кен орны; өндірісте пайдаланылатын 60 астам элемент бар».
Сонымен қатар, спикер отандық саланың жоғары көрсеткіштерін маңызды факторлар қатарында айтып кетті: 2017 жыл ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 9,3%, өңдеу - 5,1% артқан. Түсті металл рудаларын және темір рудасын өндіру сәйкесінше, 8,2% және 6,9% жоғарылаған. Сонымен қатар, металлургия секторында оң динамика байқалған, бұл өндіріс көлемінің артуымен түсіндіріледі: қара металлургия саласында 6,6%, ал түсті металлургия саласында өсім 5,5% құрайды.
Дүние жүзілік тау-кен конгрессін өткізу нәтижесінде ұйымдастырушылар Қазақстандағы саланың дамуына оң ықпалын тигізеді деп күтуде, ол геологиялық барлау және өндіру жобаларының санының артуы және Қазақстан аумағында жер қойнауын пайдаланушылар базасының кеңеюі есебінен орын алады.
Сонымен қатар, халықаралық оқиға геологиялық барлау жобаларына ірі әлемдік компаниялар мен капитализациясы шағын мамандандырылған инвестициялық ұйымдарды тартуға мүмкіндік береді.
Астана қаласында Дүние жүзілік тау-кен конгрессін өткізу Қазақстанның ТМК қаржы институттары мен инвесторларын тартуды айрықша құқықтық режим негізінде МФЦА аумағында
инвесторларды қорғауды қамтамасыз етуді ескереді. M&A шеңберінде Қазақстан аумағында тау-кен руда секторында мүмкіндіктер мен ньюанстар ашылатын болады (біріктіру және жұтылу).
Инвестиция, инновациялық шешімдерді басқару және енгізу үдерістерін оңтайландыру тақырыптарының маңыздылығы Конгресс бағдарламасында көрсетілген – PricewatherhouseCoupers, Ресей директоры Максим Барановтың модератор ретінде қатысуымен сессия жоспарланған (үлкен аудиторлық төрттіктің көшбасшы компаниясы).
ДТК шеңберінде «Mines&Money» халықаралық инвестициялық конференциясы өтеді. Бұл өндіру бойынша жобаларға капитал және инвестиция тартуға арналғна жетекші халықаралық оқиға, мұнда инвестор және жер қойнауын пайдаланушылар келіссөз жүргізу, инвестициялық опцияларды талқылау, нарықты талдау және білім алмасу мақсатында кездеседі. Mines&Money нарығының ТМК дамуының жаңа трендтері мен тенденциялары айтылады. Mines&Money шаралары Австралия, Гонконг, Лондон, Торонт және Нью-Йоркте өтеді.
Дүние жүзілік тау-кен конгрессін өткізу ғылыми-техникалық ортадағы құнды шара болып табылады, себебі жиырма жылғы жуық уақыт ішінде Конгресс шеңберінде бірегей жобалар мен әзірлемелер ұсынылған, олар кейін дүние жүзі бойынша ең ірі өндірістерде қолданылған.
2018 жылы Астана қаласында өтетін Конгресске көптеген ғылыми институттар қатысады, олардың зерттеулер мен соңғы әзірлемелеріне саланың ірі компаниялар мүдделі болып отыр.
Батанов Алмас Султанулы мырза айтып кеткендей (ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы): «Аталған шара бірінші кезекте, біздің еліміздің тау-кен саласының инвестициялық әлеуетін арттыруға және БҰҰ, ЕЫДҰ, Дүние жүзілік банк, Лондон қор биржасы, Дүние жүзілік алтын кеңес т.б. әлемдік ұйымдармен өзара әрекеттестікті дамытуға мүмкіндік береді».
Конгресске 2018 жылы 50 мемлекеттен 2000 астам делегат, 37 мемлекеттен 368 баяндамашы-автор, 43 мемлекет, 25 мемлекеттен 58 ассоциация, 26 мемлекеттен 62 университет қатысады.
ДТК көрмесіне 21 мемлекеттің 220 астам компаниясы қатысады.
ДТК сыйлы қонақтар: Польша және Австралияның Премьер-министрлері қатысады деп күтілуде.
ДТК 2018 ұйымдастырушылары:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
Дүние жүзілік тау-кен конгрессінің ұраны:
«Инновациялық артықшылық – әлемдік өнеркәсіптік өсуі жолындағы қадам»
ДТК 2018 шеңберінде атаулы оқиғалар:
· ДТК құрылған күннен бастап 60 жыл
· 25-мерейтойлық ДТК
· Қазақстанның астанасы Астана қаласының 20 жылдығы
Mines&Money:
o ДТК секторынан 2500 маман (инвестициялық қорлар, ірі майнинг компаниялары, хедж-қорлар, юниор- компаниялар)
o 300 астам инвестор
o Mines &Money London 2016 шеңберінде 1432 бизнес кездесу өткен
o Орташа капиталы 900 000$ кездесулер (*M&M Hong Kong 2017 деректері)
o 60 мемлекет, 5 құрлық
ДТК 2018 был 28 қарашада Лондонда Mines&Money шеңберінде тұсауы кесілген.


