«Алматы облысының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында жас журналистер арасында байқау жариялайды.
Байқауға - газет және телеарна тілшілері, баспасөз-хатшысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан 1 маусым аралығына дейін шыққан жұмыстарын ұсына алады.
Байқау мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында ұлттық сәйкестікті сақтай отырып, мәдени және рухани құндылықтарды насихаттау, шығармашылық ортаны қолдау.
Жұмыс төмендегі бағытқа сәкес келу керек:
1. «Бәсекеге қабілеттілік»
2. «Озық әрі жаhандық көзқарас»
3. «Ұлттық сәйкестікті сақтау»
4. «Білімнің салтанат құруы»
5. «Сананың ашықтығы»
6. «Идеология және мәдениет»
7. «Ел жүрегі - АСТАНА»
Қатысушылар конкурсқа әр бағыт бойынша 1 жұмыс қана ұсына алады.
Қатысушылардың өтініштерін қабылдау тәртібі:
Конкурс жұмыстары 4- 25 маусым аралығында қабылданады. Байқауға 14 жастан 29 жасқа дейінгі жаңадан бастап келе жатқан және жас журналистер, сондай-ақ блогерлер, Алматы облысының баспасөз хатшылары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін байқау ережесімен танысып, қатысуға өтінім толтыру қажет.
Жүлде иесін анықтау және марапаттау!
Қатысушылардың жұмысын әділқазылар бағалайды.
Жеңімпаздар әртүрлі номинация бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Гран-при жеңімпазы арнайы жүлдеге ие болады.
Жеңімпаздардың шығармашылық жұмыстары «Рухани жаңғыру» және Алматы облысының ӨКҚ сайттарында жарияланатын болады.
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ
Номинация |
|
Автордың аты-жөні |
|
Жұмыстың тақырыбы |
|
Мекеменің атауы / жұмыс орны / |
|
Мекен-жайы |
|
Жасы |
|
Байланыс телефоны |
|
Электрон адресі |
|



