Новости

Previous Next

«Жомарттық пен игілік» жақсылықтың жаршысы

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Өмір өз арнасымен толысыпта, тоғысыпта ағады. Уақыттың шексіздігі сол өмір атты өзенді, бойлай кешіп өту әркімге оңай соқпайды. Біреудің бағы, біреудің бабы шапқан заман талабыда түрліше құбылады. Қолдан келген кісінің еңбегі өтіп, артта қалған көштің ілесе алмай келе жатқан күнін, Молдахметов Берік Серікбайұлы жақсы түсінеді.

Ақсу ауданы Қарашілік ауылдық округінің тұрғыны Берік Серікбайұлы туылғаннан 1-топ мүгедек санатына жатады. 37 жасар азамат    тағдырдың қатал сынына қарамастан, білім алып өз білегін өзі сыбанып тіршілік етуде. Ата-ана, туған – туыс сынды бауырлардың осы тұрғыда көмегі орасан. Анасы Бибігүл Барлыбекқызы, бауыр еті баласын туылғанна бері өзі бағып-қағып келеді. Шама – шарқы жеткенше оқытып білім көзін де ашты. Дейтұрғанмен баласының мүмкіндігі шектеулі жан болса да арманының асқақ екенін сезеді. Көппен бірге тіршілік жасап, өзін шеттетуден аулақ. Содан болар бүгінде Берік қол арбаға таңылып отырсада ұялы телефонның қыр сырын үйреніп, жөндеу жұмыстарымен айналысады. Ауыл аймақ істен шыққан телефондарын Берікке әкеледі екен. Қиындығына қарай бір ұялы телефонды 1-2 сағатта іске жарамды етіп шығарады.

Молдахметов Берік:  «Күнделікті ағылып жатқан жұмыс жоқ әрине. Анда – санда бірлі жарым істен шыққан құрылғыларын алып көрші – қолаң келіп тұрады. Қолымнан келсе жөдеуге кірісемін. Дерлігін қалаға алып барып жөндетуге кеңес бремін. Себебі, осы кәсіппен тұрақты айналысуым үшін құрал – жабдықтарым жеткіліксіз. Сондықтан да, бір шеберехана ашып осы істі тұрақты кәсіп көзіне айналдырсам деймін. Біздің ауылда телефон жөндейтін арнайы орын жоқ. Халық бұзылған құрылғыларымен, таусылған бірліктерін түгендеу үшін сонау 80 шақырымнан асып қалаға немесе аудан орталығына баруға тура келеді. Қолымнан келсе осы қиыншылықты жойып, ауылыма пайдамды тигізсем деген ниетімде бар. Өзім 1- топ мүгедек болғандықтан мемлекеттің бізге деген қолдауы мен шарапатын тиімді пайдаланып өмір сүргім келеді. Яғни, пәтер кезегіне тұрып үй алуды және емдеу, сауықтыру орталықтарына барып ем қабылдау ойымда бар. Бүгінге дейін бір ретте мүгедектерді оңалту орталықтарынан емдеу сауықтыруға барып көрмеппін. Отбасын құрсам дегенде ниетім де жоқ емес. Уақыт көрсетеді әрине!»

«Жомарттық пен игілік» жақсылықтың жаршысы! Беріктің айы оңынан туып кәсіп көзін ашып жатса , нұр үстіне нұр болар еді.