Новости

Previous Next

Жетісу Алатауы ғасырлар қойнауына көз жіберу

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

«Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы төңірегінде Қазақстанның қорғалатын табиғи аумақтарын зерттеп жүрген экспедиция тобы Жетісу Алатауы бағыты картасындағы кезекті пункт Сарқан қаласына келді. 

13 тамызда қатысушылар осы өңірдегі табиғаттың әсем де, тылсым сұлулығы мен тарихи ескерткіштерін көру үшін Алматыдан жолға шыққан болатын. 

Бесшатыр қорымы – бізге ғасырлар тереңінен жеткен, құпиялары әлі толық ашылмаған сырға толы жерлердің бірі,. Бір қарағанда ретсіз орналасқандай көрінетін көлемі әртүрлі тастар – шын мәнінде сақ дәуіріндегі көмбелер кешені. Ол Іле өзенінің бойында «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағында орналасқан. Ең үлкен қорғанның диаметрі 108 метр, биіктігі 17 метр. Ірі қорғандардың айналасында шеңбер түрінде тігінен қойылған ұзыншақ 8 үлкен тас, яғниқадатастарорналасқан. Тастардың орналасу тәртібі және сыртқы көрінісі әйгілі Стоунхендж ескерткішін еске салады. 

Содан соң экспедиция қатысушылары таңғажайып табиғи нысан – Айғай құммен танысты. Бұл –ақшыл құмнан тұратын тау. Оның ұзындығы 3 шақырым, ал биіктігі - 150 м. Құм шағылының бір қасиеті бар: ол құрғақ күндері ерекше дыбыс шығарады. Жел құмды үйіре отырып, батыстан соққанда, кең даланың дәл ортасында орган түтігі тұрғандай әсер қалдырады.