Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Алакөл ауданының 90 жылдық мерейтойына орай Алакөл көл жағалауында бес жұлдызды «Көктем гранд ресорт» қонақ үйінің ашылу салтанаты өтті.
Амандық Ғаббасұлы өз құттықтауында:
— Баршаңызды заманауи көпсалалы «Көктем Гранд Ресорт» қонақжай кешенінің ашылуымен құттықтаймын. Осы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы Алакөлге жұмыс сапарымен келген кезінде көл жағалауының инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын бере отырып, бұл жұмыстарды әрі қарай да қарқынды жалғастыру қажеттігін айтқан болатын. Сондықтан да бүгінгі ашылып отырған бес жұлдызды заманауи қонақжай кешені – Елбасы тапсырмасын орындау жолындағы тағы бір қадам деп санауға болады. Осы тұста дәл осындай ауқымды жобаны жүзеге асырғаны үшін жерлесіміз, кәсіпкер Мұрат Әділхановқа ерекше алғысымды білдіремін, - деді өңір басшысы.
Негізгі аумағы 16 гектарды құрайтын нысанның негізгі сиымдылығы 450 орынды. Бес қабаттан тұратын қонақ үйде демалушыларға арналға кафе, ән шырқауға арналға бөлмелер, үстел тенисі, кітапхана, балалар ойын алаңы, монша, автотұрақ пен жазғы террасса бар. Бөлмелер президенттік люкс, люкс және қарапайым болып үшке бөлінеді. Ал, қосымша қызметтерге волейбол және балық аулау алаңдары, бадмиетон, дартс, шахматтар мен бассейн және соған арналған арнайы қызметтер кіреді.
Құрылыс жұмыстары үш жыл көлемінде жүргізілген. Жалпы шығын көлемі 2.3 млрд теңгені құрайды. 80 адам жұмыспен қамтылған.
Теңдесі жоқ қонақ үйдің ашылу салтанатына қатысқан аудан тұрғыны Алмат Асхатұлы «Мен бүгін «Көктем Гранд ресорт» қонақ үйінің ашылу салтанатының куәсі болдым. Алғашқы минуттардан-ақ аңғарғаным ғимарат заман талабына сай жабдықталып, сонғы үлгіде, сапалы материалдармен жасалған екен. Саны мен салтанаты астасқан ішкі көрінісі де көз тартарлық. Әр бөлме дизайнерлердің креативты көзқарасы мен құрылысшылардың еңбекке құмар қолдарының арқасында ерекше көрікке ие болған. Жаз маусымында үзіліссіз қызмет ететін қонақ үй аудандағы туризімнің арнуына өзінің септігін тигізеді деген сенімдеміз»,- деді.
Қолданысқа берілгелі отырған бес жұлдызды қонақ үйдің лентасын аймақ басшысы өзі қиып, кереметтей ғимараттың ішін аралап, оң бағасын берді.



