Бүгінгі таңда кәсіби мемлекеттік аппараттың негізін құраушы мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау сұрақтары да басты назарда.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев айтып өтті.
Департамент басшысы: «Алматы облысында «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын жеңілдету мақсатында облыс әкімдігімен 2 млрд. теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданып, дайындалған өңірлік бағдарламаға сәйкес, 36 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілердің қатысуларына болады», - деді.
Сондай-ақ, облыстың мемлекеттік қызметшілері өңірдегі бірыңғай медициналық орталықтар арқылы медициналық тексерістен тегін өткен.



