Новости

Previous Next

«Қаратал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылдық жоспары»

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 14 ақпан күні  баспасөз мәслихатында Қаратал ауданының әкімі Рауан Ракымбеков 2018 жылдың қорытындысы негізінде  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша қол жеткен жетістіктер мен алдағы мақсат-міндеттер туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Аудан әкімі  өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, туризм салалары мен қаланың инфрақұрылымдарын дамыту, сондай-ақ, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау, қоғамдық тәртіп күшейту салаларындағы атқарылған жұмыстар мен түйінді мәселелерге жеке-жеке тоқталды.

-Халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы қала бюджетінің ұлғаюымен тығыз байланысты екенін, өткен жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 1 млрд 153,5 млн теңгені құрап, жоспар 113,7 пайызға орындалды. Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 100 кәсіпорын ашу тапсырмасына сәйкес аудан бойынша жыл басынан 1 сервис көрсетілетін орталық, 2 дүкен, 150 сауда орыны бар коммуналдық базар ашылды, 350 орындық «Жетісу Гранд» мейрамханасы, 120 орындық «Қамқор» караоке бары, «Лего» кірпіш өндіретін цех ашылып, жаңадан 57 жұмыс орны ашылды.   2018 жылы Өнірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде ауданымызда ауқымды шаралар жүргізілді.

— Қарақұм ауылын сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысына 133 млн 2 мың теңге қаражат жұмсалды.

 

Құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталып, бүгінгі күні ауыл халқы ауыз сумен қамтамасыз етілген.- дейді аудан  басшысы.

Аудан әкімі әкімі Елбасы Жолдауларында және бағдарламалық мақалаларында айтылған басым бағыттар мен маңызды міндеттер және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы алдағы дамуымыздың бағыты мен қозғаушы күші болатынына баса маңыз беріп, аудан  тұрғындарының экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуына күш салынатынын жеткізді.