Новости

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асып жатыр

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор Мұхтар Әділбекұлы мәлімдеді. Бұған дәлел оқу ордасындағы барлық мамандықтарға еңгізілген «Қоғамдық сананың жаңғыруы» пәні.

Аталмыш университетте «Рухани жаңғыру» бағдардарламасын жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Олар оқу ордасы қабырғасында «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ашылуы, «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» атты экспедиция ұйымдастырылуы, «Жетісу тарихы» оқу құралының дайындалуы, «Жетісудың киелі жерлері», «Мәңгілік Ел – Ұлы дала Елі» идеясының әдеби-тарихи ролі, Жаһандану жағдайындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында диаспоралардың этномәдени бірегейлігі тақырыптарындағы жобалардың жүзеге асуы.

«Қазіргі таңда университетте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша концептуалды және мазмұндық база қалыптасуда. Жалпы жоспарланған шаралардың мақсаты Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жан-жақты қолдау, міндеттерді іске асыру және қоғамдық сананы жаңғырту үрдісіне жастарды белсенді түрде жұмылдыру болып табылады. Сонымен қатар, студенттеріміздің белсенділіктерінің арқасында түрлі идеялар мен жобалар ойластырып, соларды болашақта жүзеге асырамыз деген сенімдемін», - деді Мұхтар Әділбекұлы.