Новости

«Жасыл» экономика болашағы

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2015-2016 жылдар аралығында «Жасыл» экономика үшін және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ әріптестермен бірлесіп, жасыл технологиялар орталығын ашуға бастама көтерді.

Бүгінгі күнде елімізде осындай 7 бірегей орталық, нақтырақ айтсақ, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бар. Жасыл технологиялар орталықтарының негізгі қызметіне не кіреді, олардың басты мақсаттары мен мақсатты топтары қандай? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осы текстес сауалдарға «Жасыл» экономика үшін және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова, «Арнасай» ЖТО басшысы (Ақмола облысы) Татьяна Немцан, «Алматы облысы» ЖТО басшысы Денис Тен, «Қостанай облысы» ЖТО басшысы Галина Шнайдер, «Қарағанды облысы» ЖТО басшысы орынбасары Ерғали Байсаринов жауап берді. Ал, Елорда төріндегі ОКҚ-ның баспасөз алаңындағы кезекті брифингті Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің қызметкері, біздің әріптесіміз Галина Митковских жүргізді.