Новости

Previous Next

Жүректен - Жүрекке

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Ертең, яғни 1 наурыз – Алғыс айту күні.

Алғыс айту күні – тағдыр тауқыметін тартып, Қазақстанға күштеп жер аударылған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған киелі қазақ жері мен кеңпейілді қазақ халқына терең тағзым белгісі. Дана халқымыз қиын-қыстау заманның ауыртпалығын жұмыла еңсеріп, бүгінгі таңда ортақ Отанымыз - Қазақстанда тату-тәтті өмір сүруде.

Сондықтан, Алғыс айту күні – ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, біздің ортақ тарихымызды қастерлейтін, өзара көмек және қолдау көрсету күні.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте осы тақырыпты Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Жақиянов Оралбек Нұрсейітұлы тарқатты.

Ертеңгі айтулы мерекенің шымылдығы Қазақстанда алғаш Жетісу жерінде, яғни Қаратал ауданы¬ның Бастөбе ауылында депортацияға ұшыраған этнос өкілдері орнатқан «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументі жанында салтанатты жиынмен ашылып, соның жалғасын ала, облыс көлемінде 1000-ға тарта мәдени іс-шара өтеді жеп жоспарлануда.

Бір-бірімізге алғыс айтып, риясыз көңілімізді білдіріп жүруден жазбасын!