Новости

Previous Next

Токио олимпиадасында Жетісудыңжүйріктері бақ сынайды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

4 жылдықтың басты бәсекесінде Алматы облысының 9 спортшысы ел намысын қорғайтын болады. Бұл туралы «Jetisy Media»  ақпараттық алаңында айтылды.

Ағымдағы жылдың 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиодағы XXXIІ жазғы Олимпиада ойындарынан байрақты бәсеке өтеді. Дәл осы жарыста Қазақстан ұлттық құрама командасының спортшылары 27 спорт түрінен 96 лицензия ұтып алды.  Оның ішінде, жетісулық жүйріктер 10 жолдаманы қанжығасына байлады. 

Айта кетейік, көк байрақты көкте желбіретуші ұландарға өңір басшысының 200-300 мың теңгеге дейінг көлемдегі ай сайынғы шәкіртақысы төленуде. Сондай-ақ, садақ атудан Санжар Мұсаевқа және ауыр атлетикадан Зулфия Чиншанлоға Талдықорған қаласынан пәтер берілді.

Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, басты додада топ жаратын саңлақтардың бірі деп Зулфия Чиншанлоға үлкен үміт артылып отыр. Ауыр атлетші оғланымыз, 54 келіге дейінгі салмақта жүлдеге таласатын болады. 

Баспасөз-мәслихаты барысында, 2021 жылғы Токиодағы XXXIІ жазғы Паралимпиада ойындарына Алматы облысында қарқынды дайындық жұмыстары жүріп жатқаны айтылды. 

«Парапауэрлифтинг пен пара садақ атудан Алматы облысының    3 спортшысы жолдама алып, 1 үміткердің лицензиясы қарастырулуда. Олар Олимпиадаға лицензия алу үшін маусым айында Халықаралық лицензиялық турнирге  қатысып жолдама ұтып алды»,-дейді Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшсы Нұрбақыт Теңізбаев.