Новости

«ӨЗІҢНЕН БАСТА» ЖОБАСЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Орталық коммуникациялар қызметінде голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляждаумен айналысатын «Болашақ» Корпоративтік Қорының «Өзіңнен баста» жобасына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Брифингте ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, «Болашақ» Ассоциациясы Кеңесінің Төрағасы Бахтияр Макен, «Болашақ» Корпоративтік Қорының директоры және «Болашақ» Ассоциациясы Кеңесінің мүшесі Динара Чайжунусова, Меломан компаниясының бас директоры Вадим Голенко, сонымен қатар, Ivi.ru онлайн-кинотеатрының халықаралық даму бойынша директоры Артем Егоренков және BI Development компаниясының қаржы басқармасының төрағасы Кайрат Шаяхметов қатысты.

Брифинг барысында 2011 жылдан бері «Болашақ» Ассоциациясының Корпоративтік Қорының «Өзіңнен баста» жобасы аясында 23 голливудтық кинокартина қазақ тіліне дубляждалғаны туралы айтылды. «Киноиндустрияның идеологиялық потенциалын ескерсек, дубляждалған фильмдер - миллиондаған көрермендердің қоғамдық пікірін қалыптастырудағы пайдалы құрал және еліміздің өскелең ұрпағы үшін ана тілін үйренуде тамаша көмекшіекендігін дөп басып айтуға болады»,- деп ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахтияр Макен атап өтті.

«Болашақ» Корпоративтік Қорының директоры Динары Чайжунусованың айтуы бойынша, осы жылы жас көрермендерге арналған қазақ тіліне дубляждалған төрт фильмнің премьерасы дайындалуда. Атап айтқанда, 14 маусымда «Суперсемейка 2»/«Суперотбасы 2», 12 шілдеде «Монстры на каникулах»/«Монстрлар демалыста 3» анимациялық фильмдерінің тұсаукесері өткізілмек. Сонымен қатар, 2 қарашада «Щелкунчик и четыре королевства» фильмі және 22 қарашада «Ральф против Интернета»/«Ральф Интернетке қарсы»анимациялық фильмі көрермендерге жол тарпақ. Осылайша, Адам Сендлер және Сэмуэль Л. Джексон секілді танымал Голливудтық актерлердің кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейтін болады.

«Қазіргі уақытта кинотеатрларда қазақ тілінде дубляждалған фильмдерді прокатқа шығару аудитория үшін ыңғайсыз уақытта жүзеге асырылады. Осыған орай, «Болашақ» Корпоративтік Қоры кино және теледидар өнеркәсібінде қазақ тілін қолдау жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірледі, оның ішінде салалық субъектілер үшін салық жеңілдіктері де қарастырылған»,- деп «Болашақ» Корпоративтік Қорының директоры Динара Чайжунусова баса айтты.

Сондай–ақ, шара барысында «Болашақ» Корпоративтік Қорының Ivi.ru онлайн-кинотеатрымен ынтымақтастығы жайлы белгілі болд. Атап айтқанда, жоба аясында дубляждалған барлық фильмдер Ivi.ru онлайн-кинотеатрында қол жетімді болмақ. Сонымен қатар, брифингке қатысушылар ынтымақтастық аясында көптеген танымал фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жоспарда барын атап өтті. Іс – шара барысында қазақ тіліндегі фильмдер тек Қазақстан тұрғындарына ғана емес, басқа да елдерде де қол жетімді болады. «Бұл, әрине, Қазақстаннан тыс жерде тұратын жас ұрпақты ана тілін үйреніп, фильмдерді қазақ тілінде көруге ынталандырады. Біз қазақ тілді контентке қол жеткізуді жеңілдету үшін бар күш-жігерімізді саламыз. біздің ана тілімізде фильмдер мен мультфильмдерді көруге мүмкіндігіміз бар және «Болашақ» КҚ-мен бірге қазақ тіліндегі контентті әлемнің кез келген жерінен және кез-келген құрлығында көруге қол жеткізу мақсаттымыз» - деп Ivi.ru онлайн-кинотеатрының халықаралық дамыту директоры Артем Егоренков атап өтті.

Жоба ұйымдастырушылары, жобаның отандық бизнестің ірі өкілдерінің қолдауымен жүзеге асырылғанын айқындады. Мәселен, BI Group компаниясының қолдауымен «Суперотбасы 2» және «Монстрлар демалыста 3» картиналары қазақ тіліне дубляждалды.

«Тіл арқылы өз ана тілін білетін бала халқының рухын сіңіреді. Біздің балаларымыз қазақ тілінде сөйлесе және оған құрметпен қарайтын болса, біз қоғамға деген ортақ міндетімізді орындадық деп есептеуге болады» - деп BI Development компаниясының қаржы басқармасының төрағасы Қайрат Шаяхметов сөзін аяқтады.

 

Анықтама үшін:

2011 жылы «Болашақ» Ассоциациясының құрметті мүшесі, «Болашақ» КҚ Төрағасы Бауыржан Байбектің бастамасымен голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляж жасау жобасы басталды. Жобаның 7 жылдық ғұмырында Корпоративтік қор қазақ тіліне 23 голливудтық кинокартинаны дубляждады. «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тілі 2-ші түркі тілдес тіл, Sony Pictures-те 7 тіл, Walt Disney- де 39 тіл және голливуд фильмдерінің DVD, Blu-Ray, iTunes және бүкіл әлемдік онлайн-кинотеатрларда көруге қол жетімді бастапқы 7-ші тілі болып енді. Жобаның арқасында қазіргі таңда Қазақстанда екі лицензияланған дубляж студисы бар - «Cinematone» Алматы қаласында және «Арай Медиа Груп» Астана қаласында. 200 жуық шығармашылық және техникалық маман иелері «Disney» студиясының стандартымен фильм дубляждауда дәріс алды, 100 аса қазақстандық актерлер «Disney» студиясының дыбыстау базасына тіркелді.Алғаш рет әлемдік кино жұлдыздары Уилл Смит, Джонни Депп, Анджелина Джоли қазақ тілінде сөйледі, жоба аясында Голливуд жұлдыздарын дыбыстауға эксклюзивті құқыққа ие болдық.

Жоба Елбасының жоғары бағасын алды, «Рухани Жаңғыру» Қоғамдық Сананы Жаңғырту Бағдарламасын іске асыруға іс жүзінде үлес қосып, халықаралық аренада қазақ тілінің имиджін насихаттауға ықпал етеді.

«Болашак» КҚ баспасөз қызметі: 8 775 005 39 95 Аргимбаева Айгерим

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.