Астанада «Сахнагер» сыйлығы тапсырылады
- Super User
- Новости
- Просмотров: 627
Астанада «Сахнагер-2017» Ұлттық театр сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді. Осы оқиғаға байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов, кино және театр әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл, «Қазақ әуендері» АҚ президенті Асхат Маемиров аталған сыйлықпен марапаттау рәсімі туралы әңгімелеп берді.


