Новости

Previous Next

Алматы облысында ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артты

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы  облысындағы ауылдық  ҮЕҰ  әлеуетін арттыру» тақырыбында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

          Аталған жоба 8 ауданды, яғни Алакөл, Ақсу, Сарқан, Кербұлақ, Жаркент, Ескелді, Қаратал және Көксу аудандарын қамтитын болады.

«Аталған аудандар кездейсоқ тандалған жоқ. Айтар болсақ,  әлеуметтік  жағынан аз  қорғалған  тұрғындарға көмек беру, жастармен,  балалармен жұмыс жасайтын орталық, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоғамдық келісімді нығайту  бағытында  құрылған. Олардың  арасында ең белсенді  жұмыс жасайтындары Талдықорған қаласында және Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында»,-дейді «Алматы облысының әйелдерді қолдау орталығы» директорының орынбасары Ольга Викторовна.

      Қазіргі таңда өңірде 1012  үкіметтік емес ұйымдар  тіркелген, оның  631-і  қоғамдық ұйым болса, 411-і аудандарда белсенді жұмыс жасайды. Олар негізінен бірнеше бағытта жұмыс жасайды.Айтар болсақ,  әлеуметтік  жағынан аз  қорғалған  тұрғындарға көмек беру, жастармен,  балалармен жұмыс жасайтын орталық, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоғамдық келісімді нығайту  бағытында  құрылған.

             Айта кетейік аталмыш жобаға 300 мыңнан тұратын 8 сертификат бөлінді.