Новости

Previous Next

Үкімет басшысының орынбасары "COVID-19" індетін анықтайтын зертханаға барды.

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Үкімет басшысының орынбасары "COVID-19" індетін анықтайтын зертханаға барды.

Облыс орталығы Талдықорған қаласына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов келді.

Үкімет басшысының сенімді серігі Алматы облысындағы 7-ші талдау мекемесінің құрылысымен танысты.

Алдағы уақытта зертхана да "тәжді вирус" індетін анықтауға мүмкіндік болады. Мұндағы қызмет ақылы және тегін көрсетіледі. Медициналық нысанда науқастарға кеңес беретін арнайы кабинеттерде жұмыс жасайды деп күтілуде.

Ел арасында аты мәшһүр "Олимп" талдау орталығы да осы мекеменің ішінде орналаспақ. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан зертхананы аралаған Ералы Лұқпанұлы Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтан індеттің таралу кезеңіндегі өңірдің жағдайын сұрауды да ұмыт қалдырмады.

Ералы Тоғжанов, " облыстағы зертханалық қызметтің бағасын өсірудің қажеті жоқ. Бағаны бақылауда ұстау керек. Тұрғындардың қалтасына салмақ салмауы тиіс",- деп атап өтті.

Ендігіде Жетісу жеріндегі медицина саласы ілгері дами түспек. Мұның барлығы аймақтың дамуына ат салысқан атқамінер азаматтардың арқасы.

 

Анар САБЫРОВА