Новости

Previous Next

Алматы облысында өрт оқиғасы шамамен 6% - ға азайды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Жыл басынан бері облыс аумағында 1220 өрт тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% - ға аз.

 Материалдық шығын шамамен 73 миллион теңгені құрайды, соған қарамастан  шығын 5,7% - ға төмендеген.  Өкінішке орай, жыл басынан бері тілсіз жаудан  26 адам қаза тапқан. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA»алаңындағы баспасөз конференциясы барысында белгілі болды.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Каниннің айтуынша, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себебінен қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде 140 өрт болған, бұл тұрғын үй секторындағы өрттердің жалпы санының 20,5% - ын құрайды.  Осыған байланысты Департамент адам өлімінің барлық жағдайлары бойынша талдау жүргізіп, оның себептері мен салдарын анықтаған.

 «Жүргізілген талдау қорытындыларын ескере отырып, тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға ерекше назар аударылды. Жаңалықтардың негізгісі елді мекендердің аумақтарын учаскелерге бөлу болды, дәлірек айтқанда, халықпен сапалы және тығыз жұмыс істеу үшін қызметкерлерге елді мекендердің белгілі бір аймақтары берілді. Тәжірибе көрсеткендей, улы газбен уланудың барлық фактілері өрт қауіпсіздігі талаптарына немқұрайлы қараумен және жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбаумен байланысты. Осыған байланысты, тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу және адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында тұрғын үй секторының тұрғындарымен тұрақты негізде және жылыту маусымына өту кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ, облыс аумағында болып жатқан өрттерге байланысты жағдай егжей-тегжейлі талданады. Аудандық және қалалық ТЖ бөлімдеріне қалалар мен ауылдық жерлердегі тұрғын үй секторының өртке қарсы жай – күйін бақылау бойынша профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу бойынша нұсқаулар үнемі жіберіледі», - деп атап өтті спикер.

         Айта кету керек, облыста есепте 386 мың 870 жеке тұрғын үй бар, оның 65% - ы қатты отынмен жылытылады.  Биылғы жылы 11 мың 203 бұзушылық анықталды, оның 61% - ы сол жерде жойылды. Қалған бұзушылықтар бойынша ЖАО және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізіледі.

«15 тамыздан бастап профилактикалық жұмыстармен облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 15 мың 24 үйі қамтылды, оның барысында 24 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді. 4 мыңға жуық өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды, оның 1760-ы сол жерде жойылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарымен профилактикалық жұмыс бірлі-жарым барумен және үгіт материалдарын таратумен шектелмеді. Аталған санаттағы тұрғын үйлерді 100% қайта аралау жүзеге асырылды. Күнделікті аулаларды аралаумен қатар, Департамент сенбі күндері халықпен кең ауқымды үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастырады. Жылыту кезеңінің басынан бастап Департаментпен «әр үйге өрт қауіпсіздігі!», «Өрт қауіпсіздігі үшін бірге!». Бүгінгі күні Департамент «Абайлаңыз-улы газ!» атты акцияны іске қосты»,- деді Константин Канин