Новости

Ірі мұнай жобаларының жүзеге асырылуы : Қазақстан мұнай-сервис саласындағы ағымдық үрдістер және мәселелер

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан экономикасындағы ең өзекті тақырып – мұнай-газ жобаларының іске асырылуы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта «Теңізшевройл», «Карачаганак Оперейтинг Компани» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» іспеттес үш ірі операторлар ортақ бюджеті 45 млрд. долларды құрайтын ауқымды мұнай-газ жобаларын іске асыруда. Бұл көрсеткіш іс-шара тақырыбының өзектілігін анықтап, саладағы маңызды мәселелердің көпшілікке жариялану маңыздылығын айқындап берді.

Баспасөз маслихаты барысында келесі спикерлер сөз сөйледі: Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай-сервис компаниялар Одағының Төралқа Төрағасы, Нұрлан Жұмағұлов, Одақтың Бас директоры, Серболат Шораев, «Logic Services Kazakhstan» компаниясының басшылар Кеңесінің Төрағасы, және Нияз Жұмат, Одақтың Жоба басқарушысы.

Еліміздегі шетелдік инвестициялар консорциумдар және бірлескен кәсіпорындардың құрылуы арқылы жергілікті компаниялардың дамуына мүмкіншілік береді. Мемлекеттің шарты бойынша, жер қойнауын игерушілер шетелдік тәжірибе, білім және технологиялармен елімізді жабдықтайды. Мұндай екі-ара қатынастың мақсаты ірі мұнай-газ контрактілеріндегі жергілікті құрамды ұлғайту тапсырмасына бағытталған. Қазіргі таңда аталмыш үш ірі операторлардың Қазақстандағы мұнай-сервис нарығындағы үлесі 75% құрайды. Зерттеушілердің пайымдауынша, келер уақытта аталған көрсеткіш біршама ұлғаяды. Осындай мүмкіншілікті дұрыс қолдана білу барлық қатысушылардың басты мақсат-міндеті болып отыр.

Осыған орай, Қазақстанның мұнай-сервис компанияларының Одағы әдеттегідей жергілікті кәсіпорындардың мүддесін қорғау мақсатында ақпараттық алаңға айналып отыр. Себебі бүгінгі күні ішкі мұнай нарығы мүмкіншіліктермен қатар, шешімін талап ететін әртүрлі мәселелерге толы. Олардың қатарында отандық компаниларға бөлінетін жұмыс көлемінің тым аз болуы, тендерлердің жабық түрде өткізілуі, шетелдік компаниялардың бірқатар артықшылыққа ие болуы және тағы да басқа мәселелерді атап айтуға болады. Одақтың Төралқа Төрағасы Рашид Жақсылықовтың пікірі бойынша, құзіретті тұлғалар біраз мәселелердің шешілуі үшін маңызды шаралар қабылдау керек.