Новости

Бүгінде Алматы облысында 69 ауылшаруашылығы кооперативі жұмыс істеп тұр

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Елбасының биылғы Жолдауында үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді біріктіріп, кооператив желісін дамыту туралы баса айтылған. Ол үшін инвестициялық шығынды субсидиялауда сүт қабылдау, мал сою, құс шаруашылығы пунктін ашу және жеміс-көкөніс, картопты қабылдап-сақтау, шағын құрама жем зауыты, сервистік-даярлау орталығын құру, техника сатып алу, тағы да басқа жобаларды іске асырушы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне басымдық берілген.

Алматы облысында бұл жұмыс қазіргі таңда жаңа қарқынға ие болған. Бүгінде Жетісу өңірінде барлығы 400-ден астам құрылтайшының бірігуімен 69 ауылшаруашылығы кооперативі құрылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Сексембай Бекішев мәлімдеді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2021 жылға дейін 60 мың агросубъектінің бірігуімен 600-ден астам ауылшаруашылығы кооперативін құруды жоспарлап отырмыз. Айналым қаражат толықтыруға алынған кредиттік-лизингтік міндеттемелердің сыйақы мөлшері субсидияланатын болады. Жалпы биылға жаңа бағдарламамен мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалануға, инвестициялар тартуға және ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін барынша кең қамтуды ұлғайту мақсатында 24,4 млрд. теңге қаражат бөлінді, оның ішінде субсидия көлемі - 19,2 млрд.теңге, - деді Сексембай Бекішев.

Спикер Жолдаудағы тағы бір маңызды міндет – суармалы егістік көлемін айналымға енгізу мәселесіне де қысқаша тоқталып өтті.

Алматы облысында айналымнан шығып қалған суармалы жерлердің жалпы көлемі 127 мың гектарды құрайды. Бұл проблеманы шешу үшін Ислам Даму банкі есебінен облыстағы 16 ауданның суландыру жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу екі кезеңмен жүргізілуде. Бірінші кезең бойынша Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Ұйғыр, Панфилов аудандарында 47,8 мың гектар суармалы жер, ал екінші кезең бойынша 10 ауданда 78,8 мың гектар суармалы жер қайта айналымға енгізілмек, - деді С. Бекішев.