Новости

Алматы облысы бойынша биыл 43 адам рақымшылыққа іліккен

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық соттар өкілдері мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылы рақымшылыққа 60 адам іліккен болса, биылғы алғашқы тоқсанда 43 адам босатылған.

Сондай-ақ, олар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қараудағы сот төрелігінің сапасын жүзеге асыруды, сонымен қатар соттардың бірыңғай сот тәжірибесін ұстануды, аталған істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді кеңінен тарқатты.

Облыс соттарында биылғы бірінші тоқсанда 13160 өндірістік сот ісі аяқталса, соның ішінде 8163-і - азаматтық, 829-сі - қылмыстық, ал 4168-ы – әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер. Үкім шығарыла отырып, 427 адамға қатысты 373 қылмыстық іс қаралды, соның ішінде 421 адам сотталып, бас бостандығынан 139 адам айырылып, 6-уы жеке айыптау iстерi бойынша ақталған. Сондай-ақ, облыс соттарында медиация тәртібімен 214 қылмыстық іс қаралып, соның ішінде өндіріспен аяқталғаны 25%- ды құрады, - деді Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов.

Спикерлер өз кезегінде сот ісін жүргізудегі заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және "Сот кабинеті" сервисінің жұмысы туралы да атап өтті. Облыс соттарына барлығы 10 950 талап-арыз түскен болса, соның ішінде 10 938-і (яғни 99,8%-ы) электронды сервис арқылы жолданған.