Новости

Previous Next

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА АРЫС ҚАЛАСЫНАН 150-ГЕ ЖУЫҚ БАЛА КЕЛДІ

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

6 шілде  Нұр-Сұлтан қаласының мерекесіне орай Арыс қаласынан 150-ге жуық бала келді. Олар алдағы уақытта 20 күн бойы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Тау-Жанашар» лагерінде тегін демалып қана қоймай әрбір күндерін қызықты өткізетін болады.

 

Нақты айтқанда 138 жас бүлдіршіндерімізді жер жәннаты – Жетісу өңірінің жұрты зор қошеметпен қарсы алды. Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Ысқақ Бинәлі Әбдіқапасұлы Алматы қаласында орналасқан 1-ші Алматы вокзалында салтанатты түрде қарсы алуға қатысып, бүлдіршіндермен тілдесті.Алыс жолдан жақсы жеткендерін естіген аудан әкімі, Еңбекшіқазақ ауданының қонақжайлығын, табиғи сұлулығын айтып,алдағы 20 күндерін тамаша табиғат, таза ауа аясында өткізітіндерін жеткізді. Жолдан келген қонақтарды арнайы делегация Іле Алатау ұлттық паркінің бөктерінде орналасқан «Тау –Жанашар» лагеріне орналастырды.

Тюлемисова Динара