Новости

Previous Next

«Jetisy ART» тарихи- танымдық жобасы таныстырылды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Тарихын танып, тау тұлғаларын ұлықтаған текті елдің ұландары кезекті істі қолдарына алды.

Баршамызға белгілі биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтің 175 жылдығы мен әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдығы тойланады.

Атаулы күннің  кең көлемде аталып өтуіне  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген болатын. Торқалы тойдың әлқисасы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты танымдық мақала жазып, халық назарына ұсынды. Бұл бастаманың өзі кемеңгер тұлғаның қазақ қоғамындағы алар орнының айшықты екенін көрсетеді. Тек Абай ғана емес, Әл-Фарабидің да ел руханияты үшін қосқан үлесі өлшеусіз.

Қос бірдей  «бәйтерек» ағартушылық жолында аянбай тер төккен ғұлама ретінде ел есінде мәңгі қалып, есімдері тарих бетінде алтын әріптермен қашалып жазылғаны сөзсіз. Бір ауыз сөзбен «Ұлттық болмыстың үлгісі» деп айтуға болады.

Олардың өшпес өнегелерін бүгінгі таңда жас буын барынша дәріптеуде. Осыған орай Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Taldy Paris» шығармашылық тобы «Jetisy ART» тарихи- танымдық жобасын жасаған болатын. Аталмыш, жобаның таныстырылымы  «Jetisy Media» ақпараттық  алаңында  өтті.

 Бірегей жобаның авторы Еркеғали Мейрамұлы. Танымдық жобаның мақсаты-халықты ата-бабаларымыздың тарихын және ұлы ғалымдар Әл-Фараби мен Абай еңбектерін білуге тарту.

Жоба авторының айтуынша, аталған жұмысты жасауға 1 ай уақыт қажет болған. Графикалық кескінде  тарихи тұлғалардың тұжырымдамасы (афоризмі, дәйексөзі) және оның суреті бейнеленген. Өзгеше идеяға толы жұмысты жұртшылық назарына ұсыну үшін  стилистикалық юлистрация қолданылған.

Қазіргі таңада теңдесі жоқ жобаның авторы осындай 20 кескінді дайындған. Алдағы таңда аптасына 2 суреттен әлеуметтік желілерде көркем туындыны жариялап отырмақ. Бұл  бастама мұнымен тоқтамақ емес, ендігі кезекте Ұлы жеңістің 75 жылы мен Алтын Орданың 750 жылдығы көпке ұнаған шығармада суреттелетін болады.