Новости

Previous Next

Әлеуметтік идеялар мен жобаларға байқау жарияланды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Алматы облысында бүгінгі таңда 1000-нан астам Үкіметтік емес ұйымдар бар. Соның 400-і ғана белсенді.

Осыған орай әр түрлі санаттағы ҮЕҰ-дың жұмысын бір ізге салу, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін облыс көлемінде арнайы байқау жарияланған. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

 Естеріңізге сала кетсек,  2017 жылы ҮЕҰ-дың басын бір арнаға тоғыстыру, жұмыстарын жеңілдету мақсатында консалтинг орталық ашылған. Содан бері Үкіметтік емес ұйымдар өз жұмыстарын осы орталықта еш кедергісіз атқаруда.

Билғы жылы да Үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің сапасын арттыру үшін және де әлеуметке қажет тың жобаларды жарыққа шығару жолында            «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі» кезекті мәрте шымылдығын түрді. Бұл шараның елге тигізер шарапты көп.  Әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуын көздеген игі бастаманың жүзеге асуына  мұрындық болып отырған Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы.

Жәрмеңкенің мақсаты:

    - инновациялық әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту

   -  әлеуметтік сала ұйымдарының позитивті имиджін қалыптастыру, әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдарының мәртебесін көтеру;

   -  жобалар ұйымның одан әрі тұрақты дамуына бағытау, жаңа жұмыс орындарын ашу, оқыту және т. Б.

   - аймақтарда әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелер шешудегі азаматтық бастамаларды қолдау;

   - ауылдық жерлерде азаматтық бастаманы дамыту үшін жағдай жасау;

   - әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, әлеуметтік бағдарланған жобаларын іске асыруда инновациялық әдістерді пайдалану;

   - әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік идеялар мен жобаларымен таныстыру үшін Алматы облыстық ашық байқауын өткізу;

  - қоғамдық өмірінің оң тұрақты өзгерістерге ықпал ететін елеулі және нақты проблемаларды шешуге бағытталған, сектор арасындағы өзара іс-қимыл әлеуетін, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған қоғамның күш-жігерін топтастыруын пайдалана отырып, идеялар мен жобалардың практикалық көрсету алаңын құру;

Жәрмеңке үш кезеңнен тұрады:

1) Бірінші кезең – байқау комиссиясы мүшелерінің өтінімдерді қабылдау және ұсынылған өтінімдерді бағалауы (20 күн);

2) Екінші кезең – үздік 10 жобаны іріктеу мақсатында байқау комиссиясының өтінімдерді қарастыруы (5 күн);

3) Үшінші кезең – Үздік жоба авторларын салтанатты түрде марапаттау.

Байқау өтінімдері мен қатысушылар санына шектеу қойылмайды.

Үздік 10 жоба авторлары ұсынылған жобаларын іске асыру үшін сомасы 1 000 000 теңге көлемінде шағын гранттар алады. Шағын гранттарға бөлінген соманың жалпы мөлшері 10 000 000 теңгені құрайды.

      Айта кетерлігі, өткен жылы аталмыш жәрмеңкеге тек ауылдық жерлердегі Үкіметтік емес ұйымдар қатысқан болатын. Ал, 2020 жылы жарияланған байқауда Алматы облысының аудан, қалаларында қызмет ететін ҮЕҰ бақтарын сынайды.  Байқауға қатысуға өтінім ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін қабылданады. Егер де, ойда жүрген идеяңызды жоба түрінде қағаз бетіне түсіре алмаған жағдайда орталық қызметкерлері қол ұшын созуға дайын. Жәрмеңкеге әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған әлі де іске асырылмаған кез-келген идеялар мен жобалар қабылданады. Талаптарға  сәйкес келмеген өтінімдер байқауға қатысуға жіберілмейді.

   Өтінімді электронды түрде Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  электронды поштаға жіберуге болады. ҮЕҰ арасындағы доданың басты талабы, барлық жобаларды іске асыру инновациялық әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағыттау болып отыр.