Новости

Previous Next

Алматы облысында су тасу қауіпі жоқ

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Бүгінгі таңда  Алматы облысында ауа температурасы бір қалыпты.

 Ауа райы болжамына сәйкес ақпан айының  екінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 5-тен 15-ке дейін, күндіз 0-ден 5-ке дейін, ал үшінші онкүндігінде ауа температурасы кей жерлерде 12-ге дейін көтеріледі деп күтілуде. Қар жамылғысының ең жоғары биіктігі облыс бойынша кей жерлерде 48 см дейін, таулы аудандарда топырақтың қату тереңдігі 4-тен 110 см дейін көрсеткішті көрсетеді. Облыста  407 Гидротехникалық құрылыс бар.  Тарқата айтсақ, республикалық меншікте-122, коммуналдық меншікте-169, жеке меншікте-116 , оның ішінде: 76 су қоймасы , 117 тоған, 21 бөгет ,35 су торабы, 158 магистральды канал бар. Аталған құрылыстарда тұрақты мониторинг  жүргізіліп , су тасқыны жағдайын бағалау үшін 96 гидробекет қойылған.

Төтенше жағдайларға арналып 265 шатыр; 1,2 мың  төсектер; 8,4 мың төсек-орын жабдықтары; 810 мың дәрілік заттар қаптамалары дайындалды.Су тасқыны қаупі бар аудандарда халықты қабылдау үшін 50 пункт  іске қосылды.Апат  салдарын жою үшін облыс аумағында 122 мотопомпа дайындалған.

«Су тасқыны  қауіпі анықталған жағдайда  халықты сиреналардың көмегімен, радио - және телевизиялық хабар тарату желісі арқылы, ұялы байланыс операторлары арқылы және басқа да мүмкін болатын құралдармен хабарландыру жүзеге асырылады. Ақпаратта су басу уақыты мен шекарасы туралы, тұрғындарға эвакуацияның тәртібі туралы ұсыныстар хабарланады»,-деп атап өтті Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Ахашов Ерлан.

 Сонымен қатар, халықты жедел ақпараттандыру үшін "Darmen" мобильді қосымшасы жұмыс істеуде Мобильді қосымшаның артықшылығы: хабарлама бір уақытта барлық пайдаланушыларға жеткізіледі, ТЖ туралы толық ақпараты бар тегін push-хабарламалар ұсынылады. Бұл мобильді қосымшаны App Store, Play Market ұялы телефондарына арналған қосымшалар арқылы жүктеп алуға болады.

Су тасқыны жағдайы күрделенген кезде облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштерінің негізінде жалпы саны 3 553 адам жеке құрамнан, 1 969 бірлік техника бірлігі құрылып, дереу құтқару шараларын жүргізеді.

Гүлжанат Нұрасыл