Новости

Previous Next

Алакөл ауданында медициналық-құрал жабдық алуға 129.6 млн. теңге бөлінген

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында ұйымдастырылған бүгінгі баспасөз маслихаты Алакөл аудандық орталық аурухана директоры Асхат Бутабаевпен өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы.

 Жалпы аудан бойынша  тұрғындарға 41 емдеу-профилактикалық мекемелердің 119 дәрігер және 573 орта буын медициналық қызметкерлері 67 768 тұрғынға қызмет көрсетеді.

 

  "Тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтер деңгейін және сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. 19 дәрігер, 66 орта буын медицина қызметкерлер  білімін жетілдіріп, аудан бойынша медицина мекемелеріне барлығы 34 жас маман келді. Оның ішінде  10 дәрігер және 24 орта буын медицина қызметкерлері", — дейді Асхат Бутабаев.

 

 Сондай-ақ, ауданда медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында аудандық ауруханаға медициналық құрал-жабдықтар алуға 129,6  млн. теңге бөлінген. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап компьютерлік томограф бөлімі жұмыс атқаруда.

 

 Аурухана директорының айтуынша, пандемия кезінде провизорлық және инфекциялық бөлімшелері ашылып, 225 провизорлық, 30 инфекциялылық орын, оларда  17 дәрігер, 54 орта буын медицина қызметкерлері, 40 кіші буын медицина қызметкерлері жұмыс атқарған.

 

 Ал, 65 жастан асқан адамдар, диспансерлік есепте тұрған науқастар, мүгедектер, жалғыз басты, жасы үлкен, жалғыз тұратын адамдар, жүкті әйелдер күн сайын қоңырау шалу арқылы бақылауда. Температурасы бар адамдарға тіркеу орнынан тыс сүзгі арқылы қызмет көрсетіледі. Тамыз айынан бастап аурухана, емханаларда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.