Новости

Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқау өткізілмек

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Ағымдағы жылдың 22-ші сәуірінде мүгедектігі бар жандар сұлулық пен өнер сайысында бақ сынаспақ.

Осындай байқау облыс бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Желтая газета» газетінің бас редакторы Дүйсенова Сандуғаш баяндады.

Байқауға 18 адам қатысып, олардың 10-ы финалға шықты. Қатысушылармен кәсіби стилистерлер, визажистер, қаланың ірі сән салондары ақысыз негізде жұмыс істейді. Одан бөлек әр қатысушыға жеке костюм үлгілерін де тігіп бермек.

«Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіруге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда. Алайда ол шаралардың көбісі осындай жандарды аянышты, көмекке зәру, не болмаса ақыл есі кем қылдырып көрсетеді. Дәл осы стереотипті бұзу үшін мүгедектігі бар жандардың қаншалықты әдемі, өнерлі, іскер екенің дәлелдемекпіз. Себебі, біздің қатысушылар көрермендерді өте қатты таңқалдырмақ», - дейді С.Дүйсенова.

Сонымен қатар баспасөз-мәслихатында байқауға қатысушы Қарабасов Нұрболатта өз пікірін білдірді.

* Қазіргі таңда көптеген арбаға танылған жандар сыртқа шыға бермейді. Өйткені, көп жерлерде жүруге мүмкіндік жасалмаған және қоғамның ойы біз жайлы мүлде басқа. Сондықтан осындай байқаулар көптеп болса екен деймін. Осы арқылы біз адамдардың бізді тезірек қабылдауларына, жалынышты көзбен қарамауына септігін тигізеді, -деді ол.

Айта кету керек, концерт жанрындағы байқау Талдықорған қаласындағы көрме кешенінде сағат 18:00-де басталады. Кіру тегін.