Новости

Биыл айдынды Алакөлге келіп демалатындар саны 700 мыңнан асады деп күтілуде

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Ал былтыр, яғни 2016 жылы аталмыш көл жағалауына 450 мыңнан астам адам келіп демалған. Бұл туралы Алакөл ауданында өткен көшпелі брифингте Алматы облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арқау Шантаев мәлімдеді.

- Алматы облысының туристік бағыттағы бүгінгі әлеуеті инвесторлардың назарын көптеп аудара бастады. Былтыр облыста жеке инфестициялардың есебінен 3,6 млрд. теңге қаражатқа 43 туризм нысаны қолданысқа берілді. Олардың 30-ы сол Алакөл көлінің жағалауында салынып, бүгінгі таңда 1 қонақүй, 4 демалыс аймағы, 18 қонақжай үйі қызмет көрсетуде, нәтижесінде 263 жұмыс орны ашылды. Ал, инвестициялар көлемі 1136,0 млн. теңгені құрады, - деді А. Шантаев.

2014 жылдан бастап Алматы облысында туризмді дамытудың мастер-жоспары жүзеге асырылып, онда Балқаш, Алакөл көлдерінің жағалауларында инфрақұрылымды құруға ерекше мән берілу көрсетілген болатын. Осы құжаттың щеңберінде өңірге инвесторларды тарту және оларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер туғызылды.

- Облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен бүгінгі таңда Алакөл жағалауына қажетті инфрақұрылымды тарту жұмыстары қарқын алды. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде Ақши ауылында орналасқан демалыс аймақтарына жаңа электр беру желілерін тарту үшін бюджеттен 610,9 млн. теңге бөлінді, 93,8 шақырым электр беру желілері салынды. Жергілікті бюджеттің есебінен 21 млн. теңгеге Ақши аулынынан демалыс орындарына дейінгі автожол құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылысы басталды. Алакөл көлінің жағалауында демалушылар санының жыл сайын артуын ескере келе, жазғы туристік маусым барысында облыс әкімдігімен «Жетіген-Достық-Жетіген» жаңа теміржол қатынасы субсидияландырылады», - деді аудан әкімі Ә. Жақанбаев.

Брифинг спикерлерінің сөздеріне сүйенсек, 2017 жылы Алакөл көлінің жағалауында 900 орынға арналған 10 нысан ашылу жоспарлануда.

Осы орайда айта кетейік, бүгінде Алакөлде инвестициялар көлемі 900,0 млн. теңгені құраған «AQUAMARINE resort» заманауи қонақүй кешені жұмыс істеп тұр. Ол - «ЭКО-1» бағдарламасы бойынша салынған бірегей жалғыз қонақүй кешені.