Новости

«Көлеңкелі» экономиканың көлеңкесі сейілмей тұр

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Былтыр Алматы облысы аумағында 411 экономикалық қылмыс анықталып, оның 308-і сотқа жолданған.

Анықталған қылмыстық істер бойынша 7,2 млрд. теңге залал сомасы анықталса, мемлекетке оның 3,8 млрд. теңгесі қайтарылған. 1,4 млрд. теңгеге бағаланған мүлік тәркіленген. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дәулет Ақылбеков мәлімдеді.

Облыста заңсыз ойын бизнесі саласында 2016 жылы 69 қылмыс тіркеліп, оның 35-і сотқа жолданып, 22-сі ақталмайтын негіз бойынша аяқталған болатын. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру үшін жалға берілген дүкендердің 7 қожайыны қылмыстық жазаға тартылған.

Жалпы, 84 ойын залының заңсыз жұмысы анықталып, 5 букмекерлік кеңсе, 4 астыртын казино және 118 ойын автоматы, сондай-ақ, ойын терминалдары, карталар, фишкалар тәркіленген болатын.

Өздеріңізге мәлім, МЦПС Хоргос аумағында астыртын казиноның жұмысы тоқтатылды. Жедел іс-шаралар кезінде аталған ойынхананың ішінен 50 000 қытай юаньын, покер ойынына арналған 4 үстел, 5000 данадан аса карта және фишкалар тәркіленген.

Ал ағымдағы жылы ақпанда Қапшағай қаласында екі заңсыз ойын автоматтар залының жұмысы тоқтатылды.Аталған ойын залдарынан 25 ойын автоматы, 2 американдық рулетка тәркіленді. Бұл фактілер бойынша ҚР ҚК 307-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өңірлік брифингте, сондай-ақ, «көлеңкелі» экономикамен күресу және түрлі заңсыздықтарды бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.